Лондондық «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогба қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Мен Сәтпаевты мұқият бақыладым. Оның дамуы үшін «Челсиден» жақсы клуб жоқ деп ашық айта аламын. Біз оның Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы не істегенін көрдік. Тәжірибелі команда да бұл футболшының қандай сапаға ие екенін байқады», — деген Дрогба.
Бұрынғы футболшының пікірінше, Сәтпаевты басқа клубқа жалға берудің қажеті жоқ.
«Мен жалға беру немесе басқа да ақылға сыймайтын идеялар туралы естігім келмейді. Оны осында қалдырыңыздар. Бапкерлер штабынан үйреніп, осы ортада дамуына мүмкіндік беріңіздер», — делінген таратылған мәліметте.
Дрогба Сәтпаевтың тек жылдамдығы мен гол соғу қабілетін ғана емес, ойынды түсіну деңгейін де ерекше атап өткен.
«Шынымды айтсам, мен оны қазіргі шабуылшыларымыздың көбіне қарағанда жан-жақты форвард деп есептеймін. Ол ойынды жақсы түсінеді, көп жұмыс істейді және нағыз голдық түйсікке ие», — деген бұрынғы шабуылшы.
Айта кетейік, бұл сөздер әзірге Дидье Дрогбаның өзі немесе «Челси» өкілдері тарапынан ресми расталған жоқ.
