Футболдан әлем чемпионатының финалында төрелік еткен словениялық Славко Винчич мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
46 жастағы маман Испания мен Аргентина арасындағы әлем чемпионатының шешуші ойынында қызмет атқарған еді. Аталған кездесуде испаниялықтар қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Матч барысында Винчич Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандеске екінші сары қағаз көрсетіп, оны алаңнан қуды. Ал қосымша уақытта төреші VAR жүйесінің көмегімен Испанияның голын жойды. Себебі Микель Мерино қарсылас қорғаушы Николас Отамендиге ереже бұзған.
Винчич 2026 жылғы әлем чемпионатында төрт кездесуге төрешілік етті. Ол 2010 жылдан бері ФИФА санатындағы төреші болып келеді. 2022 жылғы Еуропа лигасы мен 2024 жылғы Чемпиондар
лигасының финалдарында да жұмыс істеген.
