«Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевтың дебюттік голынан кейін пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы матч 6:4 есебімен аяқталды. Матчтан кейін маманнан 17 жастағы шабуылшының ойыны мен алдағы маусымдағы мүмкіндігі туралы сұралды.
«Маусым алдындағы дайындық барысында көптеген шешім қабылдауымыз керек. Былтыр бізбен бірге болмаған көптеген футболшыны бақылауға мүмкіндік бар. Сондықтан әзірге алғашқы ресми матчқа қатысатын құрам туралы айтуға әлі ерте», — деді Алонсо.
Сондай-ақ ол Дастан Сәтпаевтың ойын ерекшелігіне де тоқталды.
«Мен Дастанды өткен жылдан, Алматыдан бері білемін. Оның мүлде басқа ойыншыға айналғаны көрініп тұр. Ол қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіреді, шабуылшының маңындағы бос аймақтарға өте жақсы қосылады. Бұл — оның клубтағы алғашқы тәжірибесі, әрі өзін жақсы қырынан көрсетті», — деді испаниялық маман.
Ал Сәтпаевтың Англия Премьер-лигасында ойнауға физикалық тұрғыдан дайын екені туралы сұраққа бапкер қысқа ғана жауап берді.
«Ол өте мықты әрі өте жылдам. Оның ойыны сіздерді шынымен таңғалдырады».
Айта кетейік, «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде Дастан Сәтпаев есепті ойынның 6-минутында ашты.
