Баку қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында үш балуанымыз алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
40 келіге дейінгі салмақта Аяру Ілияс америкалық София Вальдестен 0:10 есебімен ұтылды. 53 келідегі Арайлым Көпжасар тунистік Рахма Резгуйға 2:3 есебімен жол берсе, 69 келіде Хадиша Флюк ресейлік Полина Ефимовадан 0:6 есебімен жеңілді.
Осылайша, қазақстандық балуандар енді тек қола жүлдеге таласа алады.
Айта кетейік, 46 келіде сынға түсіп жатқан Інжу Баққожа мен 61 келідегі Аружан Бақытнұр ширек финалдағы қарсыластарын жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
