Бакуде өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресі бәсекесі аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Дияр Аманәлі әлем чемпионы атанса, Әли Алмас күміс, Әлинұр Төлеуғали қола жүлдеге ие болды. Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Қазақстан балуандары грек-рим күресінен әлем чемпионатында 10 салмақ дәрежесінде бақ сынап, үш жүлдемен қорытындылады.
