Бакуде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресі бәсекесі аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін бір күміс және бір қола медальмен қорытындылады. 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айша Әбдімәлік күміс жүлдегері атанды.
Ал 46 келіге дейінгі салмақта белдескен Інжу Баққожа әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Бакудегі U17 әлем чемпионатын бір күміс және бір қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.
