IBA президенті Умар Кремлёв World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып тастау туралы шешіміне пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«World Boxing ұйымына алғыс айтамын. Бұл – қабылдануы тиіс жалғыз дұрыс шешім. Олар тұғырға саясатты емес, спортшыны шығарып отыр. Бұл бокстың ең алдымен спортшылар үшін екенін тағы бір дәлелдейді. Ту мен әнұран – әр спортшының жүрегі мен жаны. Біздің боксшылар олимпиадалық боксқа қайта оралып жатыр. Лос-Анджелестегі Олимпиадада олар өз туы мен әнұраны астында әлемге әдемі әрі тартысты жекпе-жектер көрсетеді деп сенемін. World Boxing ұйымына алдағы жұмысына сәттілік тілеймін», – деді Кремлёв.
Айта кетейік, 2023 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті IBA ұйымын халықаралық бокс федерациясы ретінде мойындаудан ресми түрде бас тартқан болатын. Ал 2025 жылдың ақпан айында ХОК президенті болып қазақстандық Геннадий Головкин жетекшілік ететін World Boxing ұйымына уақытша мойындау мәртебесін берген еді.
