Сиднейдің «Аккор» стадионында «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы жолдастық кездесу аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Лондондық дербиде«Тоттенхэм» 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Тоттенхэм» сапында Сандро Тонали (18-минут) мен Ришарлисон (90+2) гол соқса, «Челсидің» жалғыз голын Эстевао Виллиан 21-минутта енгізді.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев 70-минутта Эстеваоның орнына ойынға қосылды. Ол алдымен шабуылдың оң қапталында, кейін сол қапталында өнер көрсетті.
Айта кетейік, Австралиядағы маусымалды дайындық аясындағы алғашқы матчта «Челси» жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңген болатын. Сол кездесуде Дастан Сәтбаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын матчтың 6-минутында соққан еді.
