Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен британиялық Хамза Ширазды жекпе-жекке шақырды, деп жазады Sportbugin.kz.
Алдымен Әлімханұлы әлеуметтік желіде екі боксшыны да атап өтті.
«Канело» ма, әлде Шираз ба? Көрейік, екеуінің қайсысы батылырақ болады!» – деп жазды қазақстандық боксшы.
Кейін ол Сауль Альвареспен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы ойын жеке жариялады.
«Кейбір жанкүйерлердің көкейінде Жәнібек Канелоны ұта ала ма деген сұрақ бар сияқты. Егер Канело менімен жұдырықтасуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда мен оны шайнамай жұтамын! Мен өз деңгейімді де, оның деңгейін де өте жақсы білемін!
Қазақтар әлсіз емес! Біз – кәсіби бокста өз орнын қалыптастырған халықпыз! Біз суперорта салмақтағы жағдайды өзгертетін уақыт келді!» – деді Әлімханұлы.
