Украина бокс федерациясы World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастау туралы шешіміне ресми түрде қарсылық білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Украина тарапы ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұраны астында өнер көрсетуге қайтадан рұқсат берілуіне байланысты Головкин басқаратын World Boxing ұйымына наразылық хатын жолдады.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың мамыр айында World Boxing Беларусь боксшыларына қатысты енгізілген шектеулерді алып тастап, олардың халықаралық жарыстарда мемлекеттік туы мен әнұраны астында бақ сынауына қайтадан рұқсат берген болатын.
