Португалия футболының аңызы Луиш Фигу ұлттық құрамадағы Криштиану Роналдуның рөлі туралы пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Криштиану мансабын аяқтаған соң, Португалияны ешкім елемейді», — деді Фигу.
Роналдуға дейін Португалия әлемдегі жетекші футбол елдерінің бірі ретінде қабылданбаған. Ал ол ұлттық құрама сапына келгеннен кейін жағдай түбегейлі өзгерді.
Фигу Роналдудың елдің футболдағы беделін жаңа деңгейге көтеріп, тұтас бір буынға шабыт бергенін және Португалияның әлемдік футбол элитасы қатарынан орын алуына зор үлес қосқанын атап өтті.
