Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Снежана Қашқарова 17 және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионы атанды.
Отандасымыз қос сайыста 200 келі (88+112) көтеріп, жұлқа көтеру, серпе көтеру және қос сайыс бойынша жаңа рекорд орнатты.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша Снежана Қашқарова екі жас санатында жалпы бес алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, қазақстандық спортшы осы жарыстың ең жас зілтеміршісі атанды.
