2025 жылғы IBA әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларға уәде етілген сыйақы әлі берілген жоқ. Осыған орай, Sportbugin.kz сайты IBA басшылығына сауал жолдаған болатын.
IBA өкілі «Қазақстандық боксшыларға тиесілі барлық сыйақы төленген», — деп жауап берді.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, IBA Қазақстан боксшыларының әлем чемпионатындағы жеңісі үшін берілетін сыйақыны Қазақстан бокс федерациясына аударған.
Sportbugin.kz бұл мәселеге қатысты Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Самат Адхамға да хабарласты. Ол: «Жақында шешіледі», — деп қысқа жауап берді.
IBA боксшыларға тиесілі сыйақының аударылғанын айтты. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, әлем чемпионатының жеңімпаздары өздеріне тиесілі қаржыны әлі алған жоқ. Не себепті берілмей жатқаны да әзірге белгісіз.
