Қазақстанның дзюдо құрамасының бапкер-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе Азия ойындарына дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Маманның айтуынша, Қазақстан құрамасы өткен Азия ойындарындағы нәтижесін жақсартады.
«Азия ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр. Өткен Азия ойындарындағы нәтижеден жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз деп сенемін.
Командаға сенемін және алтын медаль жеңіп алатынымызға да сенімдімін», — деді Роберт Мшвидобадзе.
