Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Асанхан күміс жүлдегер атанды.
Таиланд өкілі Вича Пратхумта 273 келі нәтижемен алтын медаль жеңіп алса, қазақстандық Төрехан Асанхан 269 келі көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады. Ал Иран спортшысы Реза Замани 268 келі нәтижемен үшінші орын алды.
Айта кетейік, бұл жарыс Төрехан Асанхан үшін халықаралық аренадағы алғашқы бәсекесі болды.
