Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Азия ойындарына қатысатын боксшылары әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Десе де, жанкүйерлер арасында түрлі болжамдар бар.
90 келіде Азия ойындарына басты үміткер саналатын боксшылар.
Сағындық Тоғамбай — 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері әрі 2024 жылғы Азия чемпионы. Сағындық Тоғамбайдың жеке бапкері — Мырзағали Айтжанов
Нұрбек Оралбай — осы салмаққа жақында ауысқан әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Нұрбек Оралбайдың жеке бапкері — Асқар Еркебаев.
Айта кетейік, Еркебаев бұған дейін Сағындық Тоғамбаймен де жұмыс істеген. Кейін боксшы Мырзағали Айтжановтың қол астына ауысқан.
