Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Шохид Тиллабоев Азия ойындарына құрама сапын жасақтаудағы қиындықтарға тоқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Оның айтуынша, биылғы Азия ойындарында ерлер арасында жеті, әйелдер арасында бес салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жектер өтеді. Ал бұған дейінгі Азия ойындарында әйелдер арасында үш салмақ дәрежесі болған.
Осы өзгерістерге байланысты Өзбекстан құрамасының Азия ойындарына баратын спортшылар саны қысқарған.
«Бұл өзгеріс бізге белгілі бір қиындықтар туғызады. Өйткені біздің құрамда талантты әрі мықты боксшылар аз емес. Орын неғұрлым көп болған сайын, тапсырманы соғұрлым жақсы орындаймыз. Бұл Азия ойындарына біз алдыңғы құрамнан шамамен 50 пайызға ерекшеленетін құраммен барамыз», — деді Шохид Тиллабоев.
Федерация бас хатшысы нақты құрамның әзірге жарияланбайтынын атап өтті. Қазір әр салмақ дәрежесінде ұлттық құрамаға үш үміткерден іріктелген.
«Құрамның шамамен 70 пайызы — ұлттық құраманың негізгі өзегі. Тұрақты жұмыс істеп келе жатқан жаттықтырушылар штабы оларды жарысқа қатысатын басты үміткерлер ретінде қарастырып отыр. Физикалық және психологиялық тұрғыдан дайынбыз», — деді ол.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
