Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек қоссайыста 358 келі (160+198) нәтижесін көрсетіп, Азия чемпионы атанды.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Ерасыл Сәулебеков 351 келіні (154+197) еңсеріп, қола жүлдеге ие болды.
Ал күміс медальді Өзбекстан өкілі Хикматилло Хайдаров жеңіп алды. Ол қоссайыста 357 келі (161+196) нәтиже көрсетті.
