Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Левскиге» жол беріп, турнирдегі жорығын аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Статистикалық Flashscore порталының бағалауынша, «Қайрат» сапындағы ең жоғары көрсеткіш жартылай қорғаушы Яакко Оксаненге тиесілі. Финляндиялық футболшының ойыны 7,6 балға бағаланды.
Ал қақпашы Темірлан Анарбеков 6,0 балл жинап, команда ойыншылары арасында ең төмен бағаға ие болды.
Айта кетейік, Рафаэль Оразбахтин шәкірттері «Левскимен» алғашқы кездесуде де, қарымта матчта да 0:1 есебімен жеңіліп, екі ойынның қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жол берді.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жолын аяқтады. Енді алматылық клуб еурокубоктағы жолын Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жалғастырады.
