Дортмундтағы Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының балуандары белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
14-17 тамыз аралығында өтетін Гран-при турнирінде грек-рим күресінен ел намысын 19 балуан қорғайды.
55 келіге дейінгі салмақта Арсен Жұма, 60 келіде Айбек Айтбеков пен Аманғали Бекболатов сынға түседі. 63 келіде Ғалым Қабдунассаров, Айдос Сұлтанғали, Еркебұлан Ардақов және Дәулет Әшірханов белдеседі.
67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз, 72 келіде Алматбек Аманбек, Мәди Данелов, Данияр Қаленов және Юсуф Ашрапов өнер көрсетеді. 77 келіде Мерей Мәулітханов, 82 келіде Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев және Завен Акопян бақ сынайды.
87 келіде Диас Қален мен Тимур Оспанов, ал 130 келіге дейінгі салмақта Әлішер Ерғали мен Жохар Уразов Қазақстан намысын қорғайды.
Айта кетейік, Дортмундтағы Гран-при — Азия чемпионы Алматбек Аманбектің құрлық чемпионатынан кейінгі алғашқы жарысы болмақ.
