Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бёрнлиге» жалға ауысуы мүмкін, деп жазады Sportbugin.kz.
18 жастағы футболшы «Бёрнлидің» «Терф Мур» стадионына келіп үлгерді. Ол келісімшартқа қол қоймас бұрын медициналық тексеруден өтуі тиіс. Сәтпаев 2026-2027 жылғы маусымда «Бёрнли» сапында ойнайды.
Бұған дейін Сәтпаев лондондық клубпен алты жылдық келісімшартқа қол қойған. Келісімде оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, «Челси» қазақстандық шабуылшыны «Қайраттан» 3,4 млн фунтқа сатып алған болатын.
