Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жаңа қызметінде Қуат Хамитов отандық күресті дамытуға, жас спортшыларды қолдауға және жаңа спорттық жетістіктерге қолайлы жағдай жасауға атсалыспақ.
«Алматы облысынан әлемді бағындыратын, көк туымызды Олимпиада ойындарында желбірететін спортшылар шығады деген сеніммен қызмет ететін боламыз!», — деп жазды Хамитов.
Айта кетейік, Қуат Хамитов 2011 жылдан ММА-да өнер көрсетіп келеді. Ол мансабында Alash Pride чемпионы атанып, WBK ұйымының екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Сондай-ақ Fight Nights Global турнирлерінде өнер көрсетіп, чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізді. Хамитов соңғы жекпе-жегін Тбилисиде өткен RAF 11 турнирінде өткізіп, Арман Царукяннан 0:11 есебімен жеңілген.
