Германияда грек-рим күресінен өткен Grand Prix of Germany турнирінде Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Халықаралық додада қазақстандық балуандар 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді 55 келіде Арсен Жұма,
60 келіде Айбек Айтбеков, 63 келіде Айдос Сұлтанғали, 67 келіде Бағдат Сабаз, 72 келіде Юсуф Ашрапов және 77 келіде Мерей Мәулітханов иеленді.
Күміс медальді 63 келіде Дәулет Әшірханов, 72 келіде Алматбек Аманбек, 82 келіде Ибрагим Магомадов және 130 келіде Джохар Узаров жеңіп алды.
Ал қола жүлдеге 60 келіде Аманғали Бекболатов, 63 келіде Ғалым Қабдунасаров, 72 келіде Мәди Данелов, 82 келіде Омар Сатаев және 87 келіде Диас Қален ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 15 медаль еншілеп, Германиядағы Grand Prix of Germany турнирінің жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға көтерілді.
