Боксшы Данияр Елеусінов өміріндегі қиын кезең туралы ашық пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшы жол апатына қатысты айтылған сынға жауап бере отырып, алкогольге тәуелділік мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, бұл қиындық Олимпиададан кейін басталған. Спортшы осы жағдаймен күресу үшін жақында оңалту орталығында бір ай ем қабылдағанын айтты.
Елеусінов мұндай мәселені қоғам алдында мойындаудың оңай емес екенін атап өтті.
Данияр Елеусінов енді спортқа қайта оралып, мансабын жоғары деңгейде жалғастыруға ниетті. Ол чемпиондық мақсатпен Америкаға келгенін мәлімдеді.
«Бәрі қолымнан келеді деген сеніммен келдім. Сондықтан бірден жерге ұрып сынағанша, қолдаңыздар. Қазақтың жігіті чемпион болып жатса, қандай жақсы», — деді Елеусінов.
