Ресейлік промоутер Камил Гаджиев Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсылас ретінде Шавкат Рахмоновты атады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Егер Ислам үшін ең қызықты қарсылас кім деп сұраса, мен Шавкат Рахмоновты айтар едім. Біреу бұл жекпе-жек әлем үшін емес, ТМД елдері үшін қызық деуі мүмкін. Бірақ Ресей, Қазақстан, бүкіл Орталық Азия, Таяу Шығыс және Америка аудиториясын елестетіп көріңіздер. Олар бұл жекпе-жекті тамашалайтыны анық.
Бірақ мәселе — Шавкат титулдық жекпе-жекке дайын бола ма, жоқ па. Себебі екі жыл жекпе-жек өткізбеген адам октагонға қайта оралып, алдымен тордың ішіндегі атмосфераны қайта сезінуі керек», — деді Гаджиев.
Айта кетейік, 16 тамызда Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады. Ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Бұл Махачевтің UFC-дегі қатарынан 17-жеңісі болды.
Иэн Гэрри бұған дейін Шавкат Рахмоновпен де кездескен. Қазақстандық файтер 2024 жылғы 7 желтоқсанда UFC 310 турнирінде ирландиялық спортшыны төрешілер шешімімен жеңген еді.
Содан бері Шавкат Рахмонов октагонға шыққан жоқ. Қазіргі таңда оның кәсіби рекорды — 19 жеңіс, жеңіліс жоқ.
