Футболдан Египет ұлттық құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан демалыс кезінде күтпеген жағдайға тап болды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 жастағы маман жұбайымен бірге демалып жүрген курортта бұрынғы әйелі мен балаларын кездестірген. Осыдан кейін қазіргі және бұрынғы жұбайының арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.
Хассан жанжалды тоқтатуға әрекет жасағанымен, өзі де төбелестің ортасында қалып, соққыдан есінен танып қалған.
Бапкерге медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала мәлімет бойынша, Хассандің денсаулығына айтарлықтай қауіп төнбеген.
