Пәкістанның Лахор қаласында таеквондодан дәстүрлі «World Taekwondo Президенті кубогы» халықаралық турнирі басталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына екі медаль түсті.
Әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рита Бакишева мен Нұрай Бауыржанова қола жүлдегер атанды.
Қос спортшымыз да жартылай финалда тартысты жекпе-жек өткізіп, қарсыластарына жол берді.
Қазақстан құрамасы сапында барлығы 15 таеквондошы бақ сынайды.
