WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлының міндетті үміткер атануына қатысты ойын айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Британдық боксшы WBO-ның бұл шешімін түсінбейтінін айтып, бұл жағдайды бокс үшін «масқара» деп бағалады. Оның пікірінше, допинг қолданғаны үшін шеттетілген спортшының міндетті үміткер атануы жас боксшыларға дұрыс үлгі емес.
«Допингпен ұсталған боксшыны марапаттап отырғандай. Мен бұл шешіммен келіспеймін. Бұл жастарға да дұрыс үлгі емес», — деді Шираз.
Сонымен қатар Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартып, басқа боксшымен жекпе-жегін ұйымдастыру нұсқасын қарастырып жатқанын жеткізді.
Шираз жарақатына байланысты қарашаға дейін шаршы алаңға шыға алмайды. Боксшының айтуынша, ол жекпе-жекке қараша айының соңында немесе желтоқсанның басында оралуы мүмкін.
