Астанада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатында жүлдеге алған қазақстандық балуандарға қомақты сыйақы беріледі, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық спортшылар әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алса – 100 мың доллар, күміс жүлде үшін – 50 мың доллар, ал қола медаль үшін 25 мың доллар көлемінде сыйақы алады.
Бұдан бөлек, әлем чемпионатындағы жүлдесі үшін спортшыларға мемлекет тарапынан да сыйақы қарастырылған. Атап айтқанда, алтын медальға – 15 мың доллар, күміске – 10 мың доллар, қола жүлдеге 5 мың доллар төленеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді.
