Роберто Карлос марокколық Сухейла ат-Тахириге үйленгеннен кейін ислам дінін қабылдады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Sportbugin.kz.
«Мен исламды құрметтеймін. Жұбайымның намаз оқып жатқанын көру маған ұнайды. Алайда менің ислам дінін қабылдағаным туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді аты аңызға айналған бразилиялық футболшы.
Карлос сонымен қатар үйлену тойында бірнеше діни рәсім өткенін айтты. Оның сөзінше, ерлі-зайыпты оның отбасындағы католик дәстүрлері мен жұбайы және оның жақындарының діни ұстанымдарын қатар ескеруге тырысқан.
Осыдан кейін Роберто Карлос шахада айтып, ислам дінін қабылдады деген ақпарат тараған еді. Алайда бұрынғы футболшы бұл мәліметті жоққа шығарды.
