Боксшы Төрехан Сабырханның бапкері Ілияс Оралбеков әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Әлемдік деңгейдегі №1 боксшы не себепті Азия ойындарына қатыспайды? Өміріндегі бір ғана жеңілісі үшін бе?» — деп жазды Instagram парақшасында.
Қазақстан ерлер құрамасының Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын құрамды әзірге жарияламады. 70 келіде ұлттық құрама үздіктерінің қатарында 2025 жылғы әлем чемпиондары Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырхан бар.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан 2026 жылғы сәуірде Моңғолияда өткен Азия чемпионатының финалында иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
