Қазақстандық таеквондошы Назым Махмұтова Пәкістанда өтіп жатқан World Taekwondo Президенті кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
G-3 санатындағы жарыста -73 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді 2:0 есебімен жеңді.
Ал шешуші кездесуде Назым Махмұтова Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.
Осылайша, Назым Махмұтова Қазақстан құрамасына Пәкістандағы жарыстың алғашқы алтынын сыйлады.
