Батырхан Төлеуғали Пәкістанда өтіп жатқан Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогында топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
-87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан жарыс барысында Корея, Таиланд және Өзбекстан спортшыларынан басым түсті.
Финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Ёдгорбек Джурабоевпен кездесіп, қарсыласын жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді.
Осылайша, Батырхан Төлеуғали Қазақстан құрамасына Лахордағы жарыстағы екінші алтын жүлдені алып келді. Бұған дейін Назым Махмұдова чемпион атанған еді.
