Асамбек Бекасыл Словакияда өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалда Жапония өкілі Ицуки Йонаширомен кездесті.
Тартысты белдесуде отандасымыз қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Асамбек Бекасыл жарыстың алғашқы кезеңінде Қытай өкілі Анчао Луды 10:0 есебімен жеңді. Кейін 1/8 финалда Украина балуаны Артем Тисногуздан, ширек финалда Ресей өкілі Зелимхан Чаниевтен басым түсті.
