Асамбек Бекасыл Словакияда өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады, Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асамбек Бекасыл ширек финалында Ресей өкілі Зелимхан Чаниевті 10:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Асамбек Бекасыл жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, жарыстың іріктеу кезеңінде отандасымыз Қытай өкілі Анчао Луды 10:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал 1/8 финалда Украина балуаны Артем Тисногуздан дәл осындай есеппен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
