19 жастағы өзбекстандық футболшы Бехруз Каримов жаңа клубқа ауысуы және отбасы туралы айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболшы жақында Швейцарияның «Лугано» клубына ауысқан. Ол жаңа командаға бірнеше ұсыныстың арасынан таңдау жасағанын жеткізді.
«Отбасымызды кедей деп айта алмаймын. Әкемнің барына тағдырыма ризамын. Ол әлі күнге дейін Қазақстанда қарапайым құрылысшы болып жұмыс істейді.
Маған жалақысы жоғары болатын басқа да ұсыныстар түсті. Алайда мен мансабымды ойлап, ойын тәжірибесін көбірек алатын команданы таңдадым. Мен жоғары деңгейде ойнағым келеді. Ақша тауып, кейін футболдан жоғалып кеткім келмейді», — деді Бехруз Каримов.
Айта кетейік, 19 жастағы қорғаушы әлем чемпионатындағы сәтті өнерінен кейін футбол мамандарының назарына іліккен. Жақында ол Швейцарияның «Лугано» клубымен келісімшартқа отырды.
