Ғабит Расулхан Эквадорда өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Канада өкілі Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Ғабит жарыс барысында Алжир спортшысы Мохамед Анис Зеккорды және Түркия өкілі Рамазан Айкут Гураны жеңді. Ширек финалда украиналық Хазар Хейдаровтан басым түссе, жартылай финалда жапониялық Дайчи Ташироны ұтты.
Осылайша, Ғабит Расулхан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
