Алматы облысында Қазақстан ерлер құрамасының Жазғы Азия ойындарына оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасынан бөлек, жиынға Ирак, Қытай және Англия елдерінің боксшылары да қатысуда.
Дайындық барысында спортшылардың арнайы дене дайындығына басымдық беріліп, техникалық және тактикалық шеберліктерін жетілдіруге көңіл бөлінуде. Сондай-ақ Азия ойындарында кездесуі ықтимал қарсыластардың мәнеріне бейімделу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған соң қыркүйек айының басында Жапонияға аттанады. Жазғы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңі аталған елде өтеді.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі — “Самұрық Қазына” АҚ, серіктесіміз — “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
