Азия ойындарына 70 келіде Қазақстан атынан қатысатын боксшы белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сенімді дереккөздің мәліметінше, аталған салмақта ел намысын Төрехан Сабырхан қорғауы мүмкін.
Бұған дейін отандық БАҚ беттерінде 70 келіде Азия ойындарына Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіповтің қайсысы баратыны талқыланған еді. Қазіргі таңда таңдау Төрехан Сабырғанға түскені айтылуда.
Айта кетейік, келесі Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.
