Біріккен күрес әлемі ұйымы вице-президент Михаил Мамиашвилидің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл шешім 2026 жылдың 21 тамызынан бастап күшіне енді. Ұйымның мәлімдеуінше, Мамиашвили басшылықтың өтінішінен кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.
Бұл қадам федерация жұмысының тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.
Сондай-ақ ұйым соңғы уақытта жұмыс барысына қатысты бірқатар қиындықтар туындағанын хабарлап, соған қарамастан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.
