Қазақстан құрамасы арқан тартудан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тарту сайысының 4×4 дисциплинасы бойынша алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болса, Иран құрамасы күміс, Қырғызстан спортшылары қола жүлдені еншіледі.
Аталған сайыста Қазақстан, Иран және Қырғызстаннан бөлек Грузия, Пәкістан, Ресей, Сьерра-Леоне, Бразилия, Үндістан, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан және Түрікменстан құрамалары бақ сынады.
