Ақмарал Ерекешева Чехияда өткен Grand Prix BRNO халықаралық турнирінің гала концертінде өнер көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерекешева гала концертте Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйінің әуенімен өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. Бұған дейін де отандасымыз қазақ күйлері мен патриоттық әндердің әуенімен өнер көрсетіп жүрген.
Айта кетейік, қазақстандық гимнаст Grand Prix BRNO турнирінде төрт жаттығудың барлығында финалға өтіп, жарысты бір алтын және үш күміс медальмен аяқтады.
