Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Қытай балуаны Цзинь Синьсиньмен кездесіп, 8:5 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Сабаз ширек финалда ирандық Саид Эсмаилиге есе жіберген еді. Алайда қарсыласының финалға шығуына байланысты қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде бақ сынауға мүмкіндік алды.
Енді Бағдат Сабаз қола медаль үшін Әзербайжан өкілі Хасрат Джафаровпен кездеседі.
