Кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз мексикалық Маркос Родригеспен (21-3-1, 10 КО) жұдырықтасты. Суперорта салмақта жоспарланған он раундтық жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Нұрмағанбет алдымен қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі 17-жеңісіне қол жеткізді. Ал мексикалық боксшы төртінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварестің спарринг-серіктесі саналады.
