Боксшы Бибарыс Әшірбай Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Бангладеш боксшысы Нойон Трипура Джанимен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында басымдық танытқан Бибарыс қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан сынға түскен Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) де жартылай финалға шыққан болатын.
