Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов марқұм әкесінің естілігімен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz.
Жазбада Данияр Қайсановтың әкесі ұлы мен Нұрқожа Қайпановтың есімдері әлемдік ареналарда асқақтап, үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірген.
Айта кетейік, Данияр Қайсанов — 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында төртінші орын иеленген.
2026 жылдың қаңтар айында еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Оның жетекшілігімен ұлттық құрама
Азия чемпионатында екі қола, Жапонияда өткен Азия ойындарында үш қола және Астанада өткен әлем чемпионатында бір күміс медаль жеңіп алды.
