Әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Төрехан Сабырхан қарсыластарына ескерту жасады, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшы 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатында жанкүйерлердің қолдауы ерекше күш беретінін айтып, басты қарсыластарына дайындықты күшейтуге кеңес берді.
«Басты қарсыластарыма жақсылап дайындалып келіңдер дегім келеді. Менің боксым — жанкүйер көп болған сайын ашыла түседі. Қазақ халқы боксқа қатты қызығады. Сондықтан Астанадағы Barys Arena кешені лық толады деп ойлаймын.
Былтыр әлем чемпионатынан кейін Президентіміздің қабылдауында болғанмын. Биыл Азия ойындарының жеңімпазы болып келдім. Енді келесі жылы әлем чемпионатынан кейін тағы да жүздесеміз деп ойлаймын», — деді Төрехан Сабырхан.
