Ересектер арасындағы Азия Чемпионатының қола жүлдегері Әйгерім Сәттібаева спорт журналисті Ақырыс Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасында берген сұхбатында жарыс алдында көңіл-күйін еске алып, үй ішіндегі ауыр қазаға қарамастан ата-енесі қолдау білдіргенін айтты.
Әйгерім Сәттібаеваның айтуынша, дәл Азия Чемпионаты жарысына жиналу барысында қайын ағасы Досхан Сәттібаев дүниеден өткен. «Жолдасым Олжастың туған ағасы. Екеуінің арасы бір-ақ жас. Екеуі егіз қозыдай бірге жүретін» дейді ол.
Төрт жыл бойы күрескен ол жаман ауруға төтеп бере алмаған.
– Дәл сол кезде Азия біріншілігінің сборындамын. Хабарды естігенімде, қолымды бір сілтей салғым келді. Екі жыл дайындалып, іріктеуден өттім. Ал «дәлелде мықтылығыңды» деген бізге мүмкіндік беріп жатты. Қаншама рет бала-шағаны тастап, жарыстарды көруге баратынбыз. Кейде жарақат алсақ та, дайындықты тастамадық. Бәрі басымыздан өтті. Ата-анамыз соның бәрін көрді. Бізді әкемізден бастап патриоттар отбасы десе болады. Қай салада болса да ел намысын қолдан бермейміз. Сонда әкем: «Әйгерім, еңбегін зая кетпесін. Біз сені қолдап жатырмыз. Уайымдама ештеңеге, дайындал, жеңіп кел!» деді. Өздері қиналса да мені солай қолдады. Мен оларды қолдауым керек, керісінше олар мені қолдады. Оларға алғысым шексіз, – деді Әйгерім Сәттібаева.
Айтуынша, ата-енесі ата-анасындай болып кеткен.