
Еркін күрестен жаттықтырушы Асқар Бақбергенов әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасында айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Ризабек 97 келіде биылғы әлем чемпионатын ала алмайды деп ойлаймын. Өйткені, ол әлі дайын емес. Өткенде Қонаев турнирінде бір америкалықпен күресіп, ұтылып қалды. Енді Снайдермен бір кездесу қойып жатыр. Сол кезде тексеріледі. Енді, салмаққа бейімделу бар, жастығы бар. Қиын болады», — деді Бақбергенов.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы еркін күрестен 92 келі салмақта әлем чемпионы атанды.
2024 жылы ол жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.