![twd](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/twd-1024x538.png)
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Turkish Open G2 турнирінде қазақстандық спортшылар 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жасөспірім ұлдар арасында Әлихан Әлішер (49 келі) мен Абдулазиз Жолдыбек (45 келі) алтын жүлдегер атанды.
Ал Давранбек Сальман (33 келі) және Рысжан Сұлтан (45 келі) турнирдің қола медалін қоржынға салды.
Турнир 14 ақпанға дейін жалғасады. Бұл бәсекеге отандық спортшыларды танымал таеквондошы, ұлттық құрама сапында үлкен жетістіктерге жеткен Смайыл Дүйсебай бастап апарды.
Бұған дейін отандық спортшы Шамшат Ақбергеннің Біріккен Араб Әмірліктерінде жүлде алғанын жазған болатынбыз.